Уалиев Асқар Балтабайұлы 1959 жылдың қазан айының 10 күні Солтүстік Қазақстан облысының, Айыртау ауданы Қарақамыс ауылында дүниеге келген. 1966-1977 жыл аралығында мектеп қабырғасында білім алған. 1977 жылдың маусым айында Уәлиханов ауданы Авангард совхозында «Алға» деп аталатын қой шаруашылығында бригадир болып жұмыс атқарған. Сол жылы күзде Совет Армиясы қатарына шақырылып, 1977-1979 жылдар аралығында борышын өтеп, елге аман оралған. 1980 жылдың тамыз айында Ұстаздық жолға Қарақамыс сегізжылдық мектебінен бастау алған, математика пәнінің мұғалімі болып оқушыларға дәріс бере бастаған. Содан бері осы мектепте, бір орында тапжылмастан 43 жыл еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан. Қасиетті, киелі білім ордасында әлі де жас жеткіншектерге білім мен тәрбие беріп келеді. Көп жылғы еңбекті елеп, 2022-2023 оқу жылында Айыртау аудандық білім бөлімі «Айыртау аудандық білім беру саласындағы құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.
Отбасында мейірімді әке жұбайы Баянмен 43 жыл бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатыр. Осы жылдар арасында 4 бала тәрбиелеп,өсіріп, оқытып үлкен өмір жолына өз орындарын табуға бағыт-бағдар берген болатын. Қазіргі таңда балалары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау