«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023 жылдың 27 қыркүйек күні Петропавл қаласында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Ауданымыз бойынша аталмыш байқауға 4 оқушы қатысты.
2023 жылдың 27 қыркүйек күні Петропавл қаласында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Ауданымыз бойынша аталмыш байқауға 4 оқушы қатысты. «Шешендік білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Бірлестік орта мектебінің оқушысы Кенжеболатова Карима 1 орынды иеленді. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы Қуандық Наргиз 3 орынға ие болды. Ауданымыздың намысын республика көлемінде қорғайтын Кенжеболатова Каримаға сәттілік тілейміз!!! Жетекші ұстаздарды және оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!