«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақан мектебі-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де «Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» психологиялық сауықтыру онкүндігі аясында «Біздің көңіл-күй» тренинг сабағы өтті. Жоғары топ балаларымен өткізілді. Мақсаты: Өзіңіздің және басқа адамдардың көңіл-күйін түсіну дағдыларын дамыту Сабақ барысында «Бір-біріне күлімде», «Сурет жина», «Көңіл-күйді сал» жаттығулары орындалды. Тренинг «Біз де!» ойынымен аяқталды.