«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күзгі тақырыптағы көрмелерге арналған табиғи материалдардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасау ұсақ моториканы жаттықтырады, баланың психикалық және эмоционалдық жағдайына оңтайлы әсер етеді, оның эстетикалық талғамын дамытады. 13-ші қазанда табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті, онда мектеп-гимназияның ең жас білім алушыларының жұмыстары ұсынылды. Қайталанбас өнер бұйымдарын жасау үшін олар күздің сыйын пайдаланды: көкөністер, жеміс-жидектер, кеппешөптер т.б. . Әр жұмыста оқушының жеке шығармашылығы мен қиялы байқалды.
Батжанова Самал Тулемисовна, биология, химия және география пәнінің ӘБ жетекшісі.