«Ақан мектеп – бөбекжай– бақша кешені» КММ-де Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 23 сәуір күні тарих және қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Пичикова Ю.В. және Есламова Ж.К. «Алтын Орда және оның мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты – Қазақ хандығының шығу тегін қарастыру; Жошы ұлысынан пайда болған әртүрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері. Бұл шара барысында Алтын Орданың құрылуы, Алтын Орда билеушілері, Алтын Орданың тарихи маңызы сияқты мәселелер талқыланды. Нәтижесінде, оқушылар Алтын Орданың тарихын түсінбейінше, Қазақ хандығының тарихын түсіну мүмкін емес деген қорытындыға келді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау