«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 мамырда бүкіл Қазақстан Халық бірлігі күнін атап өтеді. "Ақан мектеп – бөбекжай –бақша кешені" КММ - де "Біз Қазақстанда тұрамыз"атты адамгершілік – патриоттық тәрбие бойынша тақырыптық сабақ өтті. Балаларда патриоттық сезімдерді, Отанға деген сүйіспеншілікті, оның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, халық бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты. Іс-шара барысында балалар мерекенің пайда болу тарихымен қолжетімді түрде танысты. Балалар біздің Отанымыздың қаншалықты керемет және әдемі екенін есіне алды.Олар біздің мемлекетіміздің рәміздерін қайталап, әнұранды тыңдады. Сабақ соңында мектеп жасына дейінгі балаларға" бейбітшілік көгершіні"тақырыбындағы жұмыстарды орындау ұсынылды. Әр баланың жан дүниесінде өз Отанына деген сүйіспеншіліктің тағы бір ұшқыны пайда болды деп үміттенеміз., өйткені, Отан тағдыры үшін жауапкершілікті тәрбиелеу бала кезінен басталады.