2024 жылғы 28-30 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының командасы Астана қаласында өткен 5-8 сынып оқушыларына арналған "«ProEсo»" республикалық экологиялық жобалар конкурсына қатысты.Бұл байқаудың мақсаты: экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын жоғары зерттеу қабілеті бар дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.Біздің мектептің, ауданның, облыстың намысын мектебіміздің оқушысы Матушко Никита қорғады. Байқау қорытындысы бойынша өте жақсы нәтиже көрсетті: II дәрежелі диплом. Бұл Никитаның экологиялық жобаның Республикалық кезеңіндегі екінші жеңісі. Никитаға сәттілік, сөзсіз жеңістер және өзіне деген сенімділік тілейміз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау