Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

block1_eop.jpg?_=1495530396

BILIM LAND

block2_eop.png?_=1559641449

введите текст

введите текст

«Сырымбет орта мектебі» КММ 1-30 сәуір аралығында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп береді.

«Сырымбет орта мектебі» КММ 1-30 сәуір аралығында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп береді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталады. Жошы ұлысына – Шығысы Ертіс өзенінен – батысы Еуропа жерлеріне дейін жеткен. Осы орайда біздің мектеп ішінде келесі әс-шаралар өткізілді: 1. «Жошы хан – Шыңғыс ханның мұрагері» - сынып сағаттары болып –өтті. Әр сыныпта сынып жетекшілер Монғол империясының құрылғанын, қоғамдық құрылысы мен Жошы хан туралы мәліметтер, презентация, видеофильмдер арқылы тақырыпты аша білді. 2. «Қызықты тарих жолдары» атты викторина әзірленді. Тарих пәнінің мұғалімі Айтпаев М.М. 6-7 сыныптар арасында тарихи викторина ұйымдастырды. Викторина арқылы оқушылардың Жошы хан туралы білімдерін толықтыра білді. 3. Сабақ: «Шынғысханның империясы және оның мұрагерлері» Тарих пәнінің мұғалімі Ергалиева З.К. сабақ ұйымдастырды. Сабақ 8 сыныпта өткізілді. Сабақта оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлері орындалды. Презентация, видеоматериал, кластер, топпен және өздік жұмыстар. 4. Дөнгелек үстел: «Жошы хан – Жошы ұлысы» әзірленді. Бұл іс-шараға 8-10 сынып оқушылары қатыса отырып, алдын ала мәлімет дайындай отырып, Жошы – Шыңғысханның үлкен баласы, ұлысы Ертіс өзенінен бастап, батысты Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болғанын ұйғарды. 5. «Жошы ұлысы» - кітап көрінісі жүзеге асырылды. Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен кітап көрінісіне 6-8 сынып оқушылары қатысты. Курмангожина А.Ж. көрініс барысында көп мәліметтер мен қоса энциклопедиялық деректерді айтып өтті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь