«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30 сәуірде "Елецкий орта мектебі" КММ жанындағы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың "Қазақстан халқының бірлігі күні" мемлекеттік мерекесі туралы білімдерін кеңейтті. Аталған іс-шараның міндеттері балалардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, балалардың Отанымыз туралы білімдері мен түсініктерін тереңдету және кеңейту болды. Балалар әртүрлі ұлттардың ойындарымен танысып, ойнады. Достық туралы әндер тыңдап, достық тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасады.