«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепте балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шаққа саяхат» атты мерекелік іс-шара өтті. Жаздың алғашқы күні балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Балаларды Антоновка ауылдық округінің әкімі Ж.Ж.Оразалин, мектеп директоры С.Н.Дюсембаева, ата-аналар комитетінің төрайымы С.Н.Гергерт құттықтады. Балаларға көптеген жағымды сәттерді сыйлаған мерекелік бағдарлама ұсынылды. Спортта ерекше көзге түскен жас спортшылар анықталып, көшеде квест ойыны, ал үлкен сынып балалары үшін спорттық эстафета ұйымдастырылып, одан кейін тәтті дәм тосылды.Демеушілерімізге, «ХПП Уголки» ЖШС мен «Ясмин-Агро» менеджерлеріне мерекені өткізуге көмектескендері үшін алғыс айтамыз.