«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім бөлімінің басшысы Баймагамбетова Балжан Шариповна
Басшы блогі
Құрметті біздің Әріптестер, Әкелер, Ағалар, Бауырлар!!! Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Біз ата-бабаларымыздың бостандық, ар-намыс және гүлденген өмір үшін жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл жеңіс әрқайсыңызды тек жақсы істерге, Отанға деген сүйіспеншілікке шабыттандырсын. Қай дәуірде болмасын, Отанды қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып табылады. Құрметті ер азаматтар, Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.Әрқашан мақсаттарыңызға батыл қадам жасап, жете беріңіздер. Барлық армандарыңыз орындалсын!!!
Білім бөлімінің басшысы Б. Ш. Баймағамбетова
Құрметті әріптестер! Сіздерді 1- наурыз көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді деген сенімдемін.
Айтулы күні әрқайсымыз жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастап, қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отыратын күн деп білемін! Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық. Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!